ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

Бұл жолы мұз жару операциялары Катон-Қарағай ауданында жүргізілді. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері және мамандандырылған ұйым жүргізді. Катон-Қарағай ауданындағы Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 70 см құрайды. Ұсақтау нәтижесінде 25 290 м.кв. қамтылды.

"Мұз кептелісі жағалаулардың су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды алдын-ала ұсақтау қажет. Жұмыстар жалпы ауданы 149 250 шаршы метр болатын өңірдегі барлық су тасқыны қаупі бар учаскелерде жүргізілді", - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.

​ШҚО ТЖД баспасөз қызметі