Қостанай облысындағы су тасқыны кезеңіне дайындық

Қостанай облысындағы су тасқыны кезеңіне дайындық

Қостанай облысы 2023 жылғы су тасқыны кезеңіндегі су басу қаупі жоғары өңірге жатады. Облыс аумағында қардың көп жиналуына байланысты, жылы көктем мен жаңбыр жауған жағдайда, қар еру кезеңінде жергілікті ағынды сулардың қарқынды қалыптасуы және су басуы мүмкін. Қардың қарқынды еруі су қоймаларының жұмысына әсер етеді, бұл авариялық ағындарға әкелуі мүмкін.

Облыста ықтимал су басу аймағына 37 елді мекен түседі – бұл шамамен 808 тұрғын үй мен 3 мыңнан астам тұрғын.

Төтенше жағдайдың алдын алу, сондай-ақ су тасқынынан болуы мүмкін зиянды азайту мақсатында алдын алу шаралары жүргізілуде. Оның ішінде елді мекендер аумақтарынан қар шығару жұмыстары бар. Бүгінгі таңда мердігерлер 868,38 мың текше метр қарды шығарды.

Қалалар мен аудандарда су өткізгіш құбырлар, кәріз жүйелері, каналдар тазартылуда. 187 тоннадан астам жанар-жағар май қоры, 11 072 тонна инертті материалдар, 49 119 қап, зардап шеккен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 26,2 тоннаға 109 ниет келісімі жасалды. Су тасқыны кезеңіне жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен тұрғындар үшін 12117 адамды қабылдай алатын 153 қабылдау пунктін анықтады. 53 шатыр, 3653 кереует, 3713 төсек-орын жиынтығы бар.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамы күн сайын қар жамылғысының спутниктік мониторингінің суреттерін ұсынады. «Қазавиақұтқару» АҚ су басу қаупі бар аймақтарды айналып ұшуға келісім жасалды. Облыстың алты ауданында су қоймаларының су басу қаупі бар 15 учаскесінде жарылыс жұмыстары жоспарланған.

Елді мекендер бойынша 296 рейд және халықпен 99 жиын жүзеге асырылды, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл қағидалары бар 3500 жадынама таратылды. 86 елді мекен, 855 аула, 3824 адам қамтылды.

Облыстағы су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайында жалпы саны 2959 адам, 1078 бірлік техника, 108 бірлік жүзу құралдары, 267 бірлік мотопомпасы бар облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының топтамасы құрылды.

Қостанай облысының ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі