Павлодар облысының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы

Павлодар облысының 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы

Павлодар облысының әкімі облысты су тасқыны кезеңінің IV кезеңінен (жазғы, күзгі, қысқы-көктемгі, көктемгі) өтуге дайындау бойынша «2022 жылға арналған кешенді іс – шаралар жоспарын» (бұдан әрі-жоспар) бекітті, оған 43 іс-шара кірді.

Жергілікті атқару органдарымен жоспары аясында келесі іс-шаралар орындалды:

1) Саты кентінен Ақшиман кентіне дейінгі аудандық маңызы бар автожолдың 45 км-де, Май ауданында 55-60 км-де қосымша су өткізу құбырлары орнатылды;

2) Аққулы ауданындағы Қазы ауылының шығыс және батыс жағынан бұру каналы қосымша тереңдетілді;

3) Павлодар ауданындағы Рождественка және Красиловка ауылдарының арасындағы автожол бойында орналасқан қорғаныш үйіндісін нығайту жұмыстары жүргізілді.

Инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде мынадай іс-шаралар орындалды:

1) Ақтоғай ауданындағы Жолболды-Шілікті автожолының 11 шақырымында су өткізу құбырына күрделі жөндеу жүргізілді.

2) Шарбақты ауданындағы "Чигириновка ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар автомобиль жолында су өткізу құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта коммуналдық және жол қызметтері облыстың елді мекендерінен қар шығару бойынша жұмыстар жүргізуде, барлығы 756 мың 945 тонна (1135417 текше метр) қар жиналды.

34 мың 564 дана қап, 9 мың 573 тонна инертті материал, 105 тонна ЖЖМ қорлары құрылды, тамақтануға 99 және жарылыс жұмыстарына 7 ниет шарттары жасалды.

2023 жылға арналған облыстық бюджетте 870 млн. теңге көзделген (оның ішінде: шұғыл шығындарға 70 млн.теңге, Төтенше резервтерде 800 млн. теңге).

Қалалар мен аудандардың бюджеттерінде төтенше резервте 453 млн. 324 мың теңге; шұғыл шығындарға арналған резервте – 415 млн. 109 мың теңге көзделген.

ТЖ алдын алуға және жоюға барлығы 1 млрд. 747 млн. теңге қарастырылған.

Елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау үшін 9 жер қорғаныш үйіндісі бар (Кенжекөл ауылы және Павлодар қаласының Ленин кенті, Ақсу кенті және Ақсу қаласы, Павлодар ауданының Госплемстанция ауылы, Баянауыл ауданының Қ. Сәтпаев және М. Шорман ауылдары, Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылы, Аққулы ауданының Аққулы ауылы), олар жыл сайын қажет болған жағдайда нығайтылады.

Тұрақты негізде су өткізу құрылыстарының жай-күйіне бақылау жүргізіледі.

Павлодар облысының аумағында барлығы 1472 су өткізу құрылыстары бар, олардың ішінде:

- теміржолда – 199;

– автомобиль жолдарында – 1273 (республикалық – 570, облыстық-201, аудандық-502).

Жергілікті атқарушы органдардың, "Қазавтожол" АҚ ҚФ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша ағымдағы жылдың 10 наурызындағы жағдай бойынша 946 су өткізу құбыры ашылды, бұл 74% құрайды.

Су тасқыны жағдайлары нашарлаған кезде ТЖ жоюға жедел ден қою мақсатында Департамент су тасқыны салдарын жоюға 1702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу күштері мен құралдарын және 198 мотопомпа (оның ішінде ТЖД – 183 адам, 54 бірлік техника, 71 мотопомпалар, 7 жүзу құралдары) дайындады.

Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 2-ші отырысында қаралды (20 ақпан – жоспарлы, 2 наурыз – "Көктем-2023"РКШМ шеңберінде жоспардан тыс).

Анықтама: ТЖ департаментінің бастамасы бойынша 2022 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық және қорытынды мәселелері қаралды (23.02.2022 ж., 31.03.2022 ж., 09.06.2022 ж., 30.09.2022 ж.).

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі