
Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Бұқтырма, Күршім, Уба өзендерінде жалпы ауданы 123960 ш. м. мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүзеге асырылды.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жалпы ұзындығы 140 км болатын 73 арнаны, жалпы ұзындығы 376 км болатын 434 арықты тазартып, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Автомобиль жолдарында 1688 су өткізу құрылыстары, темір жолдарында 90 су өткізу құрылыстары, 299 көпір тазартылып, 3 су бұру арналары орнатылды. Барлығы 100% су тасқынына қарсы жұмыстар орындалды.
Республикалық жолдарда 334 су өткізу құрылыстары мен 85 көпір, облыстық жолдарда - 1545 су өткізу құрылыстары мен 85 көпір тазартылды.
Облыста қардан тазарту жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта 454,8 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Тұрғын үйлерді су басқан жағдайда халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері 14530 адамды сыйдыратын 121 уақытша орналастыру пунктін дайындады.
Облыста су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайында жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құрылымдарының күштері мен құралдары топтастырылды, олардың саны 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпа.
Сондай-ақ, қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ келісімі бойынша Алтай ауданына алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдарын тарту жоспарлануда.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі