
Шемонаиха қаласында құтқарушыларға 3-ші шағынауданында ит құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиғаны көрген қала тұрғыны бірден «112» қызметіне қоңырау шалды. Оқиға орнына келген 28-ӨСБ қызметкерлері ит түсіп кеткен құдыққа түсті. Иттің бөтенсіп, қауып алғысы келіп қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ТЖ қызметінің мамандары құтқару операциясын сәтті жүргізіп, жануарды құдықтан абайлап шығарып алды. Итті құтқарған 28-ӨСБ бөлімшесінің командирі Александр Петелин, оның қауып алмауы үшін қаракет жасағанын атап өтті.
ТЖ қызметкерлеріне жануарларымен жиі жұмыс істеуге тура келеді. Жұмыс кестесі тығыз болғанымен, бұл құтқарушыларға біздің кішкентай бауырларымызға көмектесуге кедергі келтірмейді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі