
2023 жылғы 10 наурыз күні сағат 21:49-да 101 пульіне Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткені туралы шақырту түсті.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші оқиға орнына жеткен кезде, әйел адамның жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпек болып, кенеттен аяқ асты мұз ойылып, суға батып кеткені анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 1979 жылы туған әйел адам құтқарылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық ауруханаға жеткізді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару бойынша өткен тәулік ішінде тіркелген екінші жағдай болатын.
Сонымен қатар, 10 наурыз күні сағат 18:39-да құтқарушылар мұз ойылып, астына түсіп кеткен итті құтқару жұмыстарын жүргізді.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының жылынуына байланысты Жайық өзені бетіндегі мұз еріп, бүгінде адам өміріне аса қауіп тудыруда. Осы аталғанға байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сактаңыздар!!!
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы