Атырауские спасатели нашли пропавших людей

Атырауские спасатели нашли пропавших людей

2023 жылғы 10 наурыз күні сағат 13:25-тен бастап Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ автокөлігімен Атырау қаласының Алғабас селосынан 50 шақырым қашықтықта 9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шығып, кері байланысқа шықпаған 1969 және 1965 жылдары туған азаматтарды іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізді.

Бүгін сағат 17.23-те іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Сағат 17.47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына  тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді.

Іздестіру – құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы мен тәжірибелі экипажы жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс  тобы