Құтқарушылар неліктен улы газдан улану орын алатындығын айтты

Құтқарушылар неліктен улы газдан улану орын алатындығын айтты

ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізіп, аймақтағы улы газдан уланудың негізгі себептерін анықтады. Жыл басынан бері қауіпті газдың салдарынан 13 адам зардап шекті.  Атап айтқанда 3 оқиға пештерде жарықтардың болуы себебінен, 3 оқиға - тазаланбаған түтін мұржасын пайдалану кезінде, тағы 3 оқиға пештердің тартылысы азайғанда және 4 оқиға - пештің жапқыштары жабық болғандықтан тіркелген.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары атап өткендей, адам үшін улы газ - ең қауіпті улану болып табылады. Тыныс алу кезінде денеге еніп өкпеден қан айналымы жүйесіне енеді, онда ол гемоглобинмен байланысқа түседі, ол өз кезегінде оттегіден 200-300 есе ауыр. Нәтижесінде қан оттегін тасымалдау және оны ағзаға жеткізу қабілетін жоғалтады, ең алдымен ми зардап шегеді, сонымен қатар уланудың клиникалық көрінісі дамыған сайын басқа органдарға да әсерін тигізеді.

"Жыл сайын пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде болған оқиғалардың алдын алу мақсатында әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда улы газ датчиктерін орнату іске асырылуда. Ағымдағы жылы жылу беру кезеңінің алдында біз 2700 - ге жуық құтқару қондырғыларын орнаттық, жазатайым оқиғалармен күресу үшін 30 549 үйлерді аралау жүзеге асырылды, оның барысында мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары 43 096 тұрғынға нұсқау берді, сондай-ақ 30 рейд жүргізді", - деп ШҚО ТЖД МӨББ басқарма бастығының орынбасары Нұржан Өміржанов атап өтті.
     Рейдтер әрбір үшінші үйде бұзушылықтар бар екенін көрсетеді - кезінде тазаланбаған мұржа, пештің алдына қойылатын төсемелердің болмауы, пештерде жарықтардың болуы. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігі тек өздерінің қолында екенін түсінуі керек. Тұрғындар әрқайсысы мұржасын тазалап, ақаулы электр розеткаларын ауыстырып және тұрғын үйді өртке қарсы күйге келтірмейінше, жағдай тұрақталмайды.
Тұрғындар өмірін сақтап қалуы үшін қажетті талаптарды орындау қажет:
        - Пешті тазалау 3 айда кемінде 1 рет жүргізіледі;
       - Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;
       - Қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды;
        - От жағуды ұйқыға жатудан бірнеше сағат бұрын аяқтауға тырысыңыз. Ысырманы жаппаңыз, көмірі жанып бітпей қақпағын жауып, уланып қалудан гөрі жылуы сәл азайған артық.
        - Желдетуді тексеріңіз. Түтін әдеттегідей құбыр арқылы қатаң түрде жоғары емес, төмен қарай жүреді, сыртқа шықпайды, оның орнына үйге кіреді – бұл кері тартылыс деп аталады. Бұл жай ғана жағымсыз емес, шынымен де қауіпті құбылыс, бұл немқұрайлылық танытқан жағдайда үйде өрт қаупі бар жағдайдың пайда болуына, тіпті улы газдан қатты улануға әкеледі.

         Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі