Республикада қар көшкіні мен мұз кептелісіне қарсы күрес жұмыстары жалғасуда

Республикада қар көшкіні мен мұз кептелісіне қарсы күрес жұмыстары жалғасуда

2023 жылғы 6 наурыз күні  сағат 13-08-де 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы  Сарыбұлақ ауылы ауданында жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалғаны жөнінде ақпарат келіп түсті.

Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 3 адам Сарыбұлақ ауылына жеткізілді.

6 наурыз күні сағат 16-00-де 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы, Тұмабұлақ ауылы ауданында 12 жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалғаны жөнінде ақпарат келіп түсті.

Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 21 адамды Тұмабұлақ ауылына жеткізілді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

Күршім ауданында екі күн бойы өзендердегі кептелістердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мұнда көктемгі кезеңде Күршім өзені кептеліс қаупін тудырады. Өзендегі мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Мұндай мұздар кез-келген кедергіге ілініп, үлкен кептелісті тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды алдын-ала ұсақтау қажет. Маралды мен Боран ауылдарында 8400 шаршы метр аумақта мұздар ұсақталды.

"Су айдындарындағы жару жұмыстарының арқасында мұз қабатының көлемі азайып қана қоймай, оның құрылымы да өзгеруде. Тәжірибелі жарушылар қатып қалған суды қопсытып, ұсақтатады. Бұл процесс елді мекендерді су тасқынынан құтқарады " – деп ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша отқарушы Арман Тоқанов айтты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі