5 наурыз күні сағат 18-46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның жоғарылауына (+12 градус) байланысты қардың қарқынды еруі салдарынан және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен ауыл арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін құрғақ арна бойынша тау бөктерінен еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еруі салдарынан қолданыстағы құбырлы өткелдер су көлеміне төтеп бере алмағаны туралы хабар келіп түсті. ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен инженерлік техниканы (3 экскаватор және 2 жүк тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша ағызу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді. ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 техника бірлігі, 2 мотопомпасы, жергілікті атқарушы органдардың 5 адамы, 5 техникасы жұмылдырылды. Бүгінгі таңда су ағыны төмендеді, су елді мекендер арқылы транзиттік режимде өтеді.
Сағат 22-56-да Алматы облысы ТЖД-да температуралық фонның жоғарылауы нәтижесінде қардың қарқынды еруі және таулардың баурайынан Шеңгелді өзеніне еріген судың түсуі, соның салдарынан Шеңгелді өзенінде су деңгейінің көтерілуі туралы хабарлама келіп түсті. Қолданыстағы құбырлы өткелдер су көлеміне төтеп бере алмады. ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен инженерлік техниканы (3 экскаватор және 2 жүк тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша ағызу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді. ТЖ департаментінің 9 қызметкері, 2 техникасы және және жергілікті атқарушы органдардың 5 адамы, 5 техникасы жұмылдырылды. Су ағыны өзгеріссіз, су елді мекендер арқылы транзиттік режимде өтеді.
2023 жылғы 6 наурызда сағат 12-00-де Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында және Қонаев қаласының Шеңгелді ауылында еріген суды бұру жұмыстары аяқталды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі