Абыройлы «ҚҰТҚАРУШЫ» мамандығын игерген нәзік жан

Абыройлы «ҚҰТҚАРУШЫ» мамандығын игерген нәзік жан

Бүгінгі әңгімемізді Құтқарушы мамандығын игерген   Меруерт туралы болмақ. Бұл адамның жүрегіндегі мейірімділікпен таңдалатын мамандық. Сондықтан алғысқа толы бұл мамандықтың мәртебесі биік.

2000 жылдан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Меруерт: «Өз мамандығымды қадір тұтамын» -дейді.

Сұлтанова Меруерт Сабырқызы 1979 жылғы  11 қарашада  Жамбыл облысында дүниеге келген. 

2000 жылы Ақтау қаласындағы «Мейірбике» медициналық колледжді бітіріп, 2006 жылдан бастап аймақтық әскери госпиталде Хирургия бөлімшесінің аға медициналық бикесі болып жұмыс атқарған.

2007 жылы Ш. Есенов атындағы университетінің «Химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқуды  бітірген.

2020 жылы Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетін бітіріп, «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі» болды.

Екі қыз, бір ер бала тәрбиелеп отырған үш баланың анасы. Үлкені АҚШ –та Чикаго штатында оқиды, екеуі мектеп оқушысы.

Меруерт өз отбасы туралы былай дейді: «Жанұям менің жұмысымды қызықты көреді, алайда  күрделі екенін де біліп, мен үшін уайымдап, әрдайым қолдап отырады».

Ақтау қаласы теңізімен де ерекше. Алдайда теңіз әдемігілігімен ерекшеленсе де, адамға төндіретін қауіпі де көп. Көбінесе жаз мезгіліндегі шомылу маусымы аса қауіпті. Мектеп оқушылары да кезекті жазғы демалыстарын теңіз жағалауында өткізеді. Одан басқа келетін туристер де теңізді тамашалайды.

«Сондықтан төтенше жағдайларды алдын алу үшін демалушыларға теңіз жағалауында үгін –насихат жұмысын жүргіземіз. Осындай жұмыстарды жүргізу кезінде де неше түрлі оқиғалар болып жатады. Соның бірі, сөйлемейтін баланың жоғалып кетуі. Жасақ құтқарушылары баланы құтқарып,ата-анасы келгенше баланы жұбатқан сәт әлі есімде» дейді Маруерт.

 

       Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі