Абай облысында "Көктем-2023" Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде

Абай облысында "Көктем-2023" Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау және су тасқыны қаупі жағдайында Абай облысының халқын қорғау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурызда "Көктем-2023" Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков оқу-жаттығудың барлық қатысушыларға «Көктем 2023" РКШОЖ өткізу кезеңіне тапсырмалар берді. Аталған іс-шаралар облыстың барлық өңірлерінде өткізіледі. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдардан, ТЖД, Абай облысының ПД және 68303 әскери бөлімінен жедел топтары тартылды.

Оқу-жаттығудың бірінші күні облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ТЖД бастығының орынбасары Сұлтан Ахметовпен бірге, Семей қаласының елді мекендерінде жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстардың барысын тексерді. Оқу-жаттығу барысында Ертіс өзенінде профилактикалық жарылыс жұмыстары, Бейбітшілік аралында жағалауды нығайту жұмыстары, бұталар мен қамысты кесу, су бұру арналары мен арықтарды тазарту, сондай-ақ халықты уақытша орналастыру пунктінің тексеруі жүргізілді.

Мұзды ұсақтау алаңы 9340 м2 құрады, 520 кг жарылғыш заттар қолданылды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі