Вице-министр Марат Күлдіков 52859 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті

Вице-министр Марат Күлдіков 52859 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков 52859 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді.

Іссапар барысында вице-министр полк жеке құрамымен танысып, негізгі нысандармен: штаб, командалық пункт, психологиялық жеңілдеу бөлмелері, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері, казармалар, қоймалар, сондай-ақ әскери арнайы техника, құтқару құрал-жабдықтарымен танысып, әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымымы мен оқу-жаттығу объектілерін назарға алды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша вице-министр әскери бөлімнің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті одан әрі арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі