
Көктемдегі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Облыстың барлық аудандық және қалалық бөлімшелері «Көктем-2023» РКШО өткізу жоспарына сәйкес, су тасқыны сияқты қауіпті метеорологиялық құбылыстарға ұшыраған нақты проблемалық учаскелерде практикалық іс-шаралар пысықталуда.
Кіріспе тапсырмаларға сәйкес, «Көктем-2023» РКШО өткізудің облыстық орталығы Ескелді ауданы, Мелькомбинат ауылы болып табылады. Онда айналма канал арнасының жағалауларын тазарту, нығайту және елді мекеннің арық жүйесін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскеде Төтенше жағдайлар департаментінің, Ескелді ауданының жергілікті атқарушы органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен инженерлік техникасы, сондай-ақ №18386 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріжұмылдырылған.
Азаматтардан түсіністікпен қарап, сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазарту арқылы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды сұраймыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі