«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық  оқу-жаттығуы өтуде

2023 жылғы 2 наурызда сағат 08-00-ден бастап алғашқы сигнал түскеннен кейін «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығудың мақсаты-азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Жаттығулар екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең: басқару органдары мен күштерін даярлау облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі функционалдық міндеттерді орындауға. Екінші кезең: су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау мемлекеттік қызметінің күштері мен құралдарын басқару.

Оқу жаттығу жоспары бойынша Павлодар облысындағы ең күрделі жағдай Кенжекөл ауылында қалыптасты: қардың көп еруі Әбдіков және КөкЖайық көшелеріндегі көп тұрғын үйлерді су басу қаупін туғызады, 15 тұрғын үйді су басу қаупі бар. Халықты эвакуациялау қажет (61 адам, оның ішінде 17 бала), сонымен қатар қар шығару және еріген суды сору жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы каналдың №4 су торабының № 87 бөгетінде іс-қимылдар пысықталды, онда су қоймасының жер үсті ағынының суларымен толып кету қаупі шартты түрде жасалды. Толып кетудің салдары жер бөгеті учаскесінің эрозиясы, бөгет денесінде проранның пайда болуы, серпіліс толқыны және Шикылдақ ауылының төменгі бьефін су басу болды.

Оқу-жаттығу кезеңінде облыс бойынша 40-тан астам практикалық іс-шаралар өткізілді. 276 бірлік техника мен 589 жеке құрамды тарту арқылы қар шығару, су өткізгіш құбырларды тазарту, су бұру арналарын орнату, далаларды тар жолақтармен қаралау, Селета өзенінің арнасындағы мұзды әлсірету бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі