Ұлытау облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Ұлытау облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

 

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі-су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында республика аумағында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізіледі.

2023 жылғы 2 наурызда сағат 08.00-де "Дабыл-1001" оқу сигналы бойынша "Көктем-2023" РКШО басталды. Осы оқу сигналы бойынша Ұлытау облысының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі жоғары дайындыққа келтірілді.

Жоспарланған іс-шараларға сәйкес Ұлытау облысының әкімінің орынбасары Үсенов Ұлантай және Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Есен Байыров облыстық оқу-жаттығуға басшылықты Жаңаарқа ауданында, аудан әкімінің басқару пунктінен және облыстық ТЖД жылжымалы басқару пунктінен жүзеге асырылды.

 

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсеновтың төрағалығымен "Көктем-2023" РКШО шеңберінде іс-шараларды, оның ішінде су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қалалық және аудандық азаматтық қорғау кіші жүйелерінің басқару органдарымен кеңес өткізілді.

Оқу-жаттығу аясында Жаңаарқа ауданының ықтимал су тасқыны қаупі бар учаскелерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу мақсатында ауданға Жезқазған қаласынан Ұлытау облысы ТЖД күштері мен құралдарын топтастырылып көшірілді.

Сондай-ақ оқу-жаттығу аясында практикалық іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті.

Қатысушылардың іс-қимылын үйлестіру, жедел жағдай бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ТЖД ғимаратында облыстық штаб ашылды .

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі