
2023 жылғы 2 наурызда республикалық «Көктем-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде оқу-жаттығу басшылығының облыстық штабы Бәйтерек ауданы Зеленое ауылында 3 практикалық іс-шара өткізді. Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының шұғыл отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, облыстық және Бәйтерек ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен келесі іс-шаралар пысықталды:
- мобильді құлақтандыру кешенін пайдалана отырып, тұрғындарға қалыптасқан жағдай туралы ақпарат (Речная, Южная, Пролетарская, Новостройка, Рабочая, Абай көшелері маршруттары бойынша), сондай-ақ ұялы байланыс операторларының SMS-хабарламалары арқылы ықтимал су басу кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы нұсқау берілді;
- халықты эвакуациялау (Речная, Южная, Пролетарская, Новостройка, Рабочая, Абай көшелері);
- ауыл шаруашылығы жануарларын ықтимал су басу аймағынан елдімекеннің қарсы жағына эвакуациялау;
- мал айдау пункттері және ірі жем-шөп қорларының дайындығын тексерді;
- авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін жергілікті жерде штаб (Речная көшесі бойындағы Деркөл өзенінің жағасында) командалық-штабтық көлік (республикалық және облыстық штабтар арасында, сондай-ақ, РФ Саратов облысының трансшекаралық облыстарымен байланыс ұйымдастырылған), Зеленое елдімекенінде (Пролетарская көшесі бойымен ауылдың биік бөлігінде) төтенше жағдай жою жөніндегі шатырлы лагерь орналастырылды;
- Бәйтерек ауданы Зеленое ауылдық округі әкімінің аппараты, кәсіпкерлікті қолдау бөлімі Зеленое ауылының жалпы білім беретін мектебі, аудандық мәдениет үйі және ауылдық округ әкімдігі ғимараттарына эвакуацияланатын 90 адамға тамақтануды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді;
- су өткізгіш және су қабылдағыш құбырлар маңын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары;
- автомобиль жолын нығайту бойынша жұмыстар (қаптармен);
- автожолдағы инженерлік жұмыстар;
- мұз кесу жұмыстары;
- өзендердегі тесіктерді бұрғылау және қамысты шабу жұмыстары;
- Деркөл өзендерінде су бұру арналары мен арықтарды орнату бойынша жұмыстар.
- «Апаттар медицинасы орталығының» филиалы аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп, зардап шеккен халыққа оқиға орнында және уақытша орналастыру орындарында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті;
- судың құрамында радиациялық қауіпті реагенттердің бар-жоғын тексеру бойынша жұмыстар;
- электр, газбен жабдықтау желілерінде су тасқыны салдарынан апаттарды болдырмау үшін электр энергиясы және газды ажырату бойынша жұмыстар жүргізілді;
- тонау жағдайларын болдырмау және қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында, елдімекен аумағын қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің патрульдеуі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі