Елордада «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтуде.

Елордада «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтуде.

2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Астана қаласының ТЖ департаменті су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару және жедел жасау жұмыстарының іс-қимылдарын пысықтау бойынша "Көктем-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуде.

Оқу-жаттығуға қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков, елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, қаланың шұғыл қызметтері қатысты.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында әкімдік, АҚ және ТЖ қызметтерінің, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өкілдері қатарынан жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың бірінші күні шұғыл ден қою жасағының, қаланың шұғыл қызметтерінің авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына байқау өткізілді. Сонымен қатар, Департаменттің жедел тобының қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілері АҚ қызметтері штабтарының бастықтарымен жұмысы ұйымдастырылды.

Авариялық-құтқару құралымдары практикалық іс-шаралар орнында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізді: Астана қаласының авариялық-құтқару құралымдарымен сап түзеу; зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану пункттері; электр энергетикалық желілердегі электр беру желісінің үзілуін жою; бөлініп кеткен мұздағы балықшыларды құтқару.

Мұндай оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық жүйелерінің күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде міндеттерді орындауға әзірлік дәрежесін айқындау, азаматтық қорғау қызметтерінің ТЖ алдын алуға және жоюға бағытталған іс-қимылдардың үйлесімділігін жетілдіру, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеру, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, мониторинг жүргізу, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын тексеру, сондай-ақ ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын тексеру, су тасқыны жағдайының дамуын болжауды ескере отырып, эвакуациялық іс-шаралар мен өзара іс-қимыл жасайды.

 

Астана қ.ТЖД баспасөз қызметі