
Алматы облысының аумағында «Көктем-2023» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды.
«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 2023 жылғы 2 наурызда Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылының аумағында азаматтық қорғау жүйесі органдарының күштері мен құралдары құрылды , содан кейін барлық қызметтер Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы мен Ынтымақ ауылындағы үш негізгі учаскелерге бөлініп, кейіннен алдын алу іс-шараларын өткізудің нақты қажеттілігі бар аймақтарында су тасқынына жол бермеу жұмыстары атқарылды.
Аталған учаскелерде бұрма арналарын үзу, арық желісін кеңейту және тереңдету бойынша жұмыстары жүргізілуде. Өткізілген іс-шаралар әртүрлі мақсаттағы 150-ден астам нысанды су басудың алдын алуына мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығуларға Облыстың облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, №28237 әскери бөлімі, облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметінің , волонтерлік ұйымдардың қызметкерлері , олардың бірі Lider.kz, сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі