«Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

«Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Ақтөбе облысында 2023 жылғы су тасқынына қарсы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою мақсатында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Бүгін республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші күні өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Богослов тас жолы бойында күштік құрылымдар сапқа тұрды. Өңір басшысы алаңға тізілген техникалар мен төтенше жағдайларға арналған құрал-жабдықтардың дайындығын тексеріп, көктемгі су тасқынына әзірлік барысына көз жеткізді. Қандай да бір мәселелер туындаса,  шұғыл шешуді жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына міндеттеді.

 Су тасқынына қарсы шараларға 1594 адам, 487 техника  жұмылдырылды. 

Оқу-жаттығуға Азаматтық қорғау қызметтерінен бөлек 6655 әскери бөлімі, Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттары, Ақтөбе орман шаруашылығы, еріктілер, қаламыздың ірі кәсіпорындарының күштері мен құралдары қатысты.

Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу жиыны барысында құтқарушылар Жеңіс даңғылындағы көне көпірге демонтаж, Батыс-2, Әуе қалашығы аудандары мен Мағажан, Қызылжар, Ақшат тұрғын үй алаптарындағы арық, суағарларды қардан, мұздан тазартады, сондай-ақ, төменгі Құрайлыдағы, Құршасайдағы табиғи су арналарын тазартуға, мектепті арнайы шараларды атқаруға атсалысады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

баспасөз қызметі