Көктем - қар көшкіні қауіпті кезең

Көктем - қар көшкіні қауіпті кезең

Температураның күрт өзгеруі, жел мен жауын-шашын - таулардан қар массасының түсуіне қолайлы уақыт. Көктем қар көшкіні қауіпті кезең болып табылады. Қар ауырлайды және оның салмағының салдарынан беткейлерден төмен сырғып түседі.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары тауларда жиналған қар жүргізушілерге қауіп төндірмейтініне көз жеткізді. Ол үшін «Өскемен-Алтай» автожолында қар көшкінін 5 профилактикалық түсіру жүргізілді. Түскен массаның жалпы көлемі 6800 текше метрді құрады. Көшкіндер жолды толығымен жауып тастады. «Қазақавтожол» қызметкерлері жол жүруді қамтамасыз етті.

2023 жылдың 1 наурызында Алматы облысында өздігінен қар көшкіні түсті. Сағат 10-30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне облыстық маңызы бар автожолдың 13 шақырымында «Есік қ.-.Есік өз» Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзені бассейнінің шатқалында жалпы көлемі 150 текше метр, ұзындығы - 15 метр, ені – 5 метр және биіктігі -2 метр қар көшкіні өздігінен түсті. Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Беткейде тоқтаған қардың түскен массасы автожолды бөгеген жоқ, «Есік қ.-Есік өз.» автожолы ашық. Алайда, азаматтардың және автокөлік жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2022 жылғы 7 қарашадағы хатына сәйкес, аталған автожол 2023 жылғы 31 наурызға дейін Есік қ. – Есік өз. және Түрген автожолының 7 километрінен 15 километріне дейін және Түрген ауылы - Батан – Асы обсерваториясы автожолының 20 шақырымынан 41 шақырымына дейін жабылды.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Сондай-ақ, зерттеу барысында Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде жалпы көлемі 150 текше метр болатын № 2, 3 көшкін жиындарында қар көшкінінің өздігінен түсуі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Түскен қар массалары беткейде тоқтады. Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

ТЖМ азаматтардан, таудағы демалыс әуесқойларынан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Тауға шықпас бұрын ауа-райы болжамын және дауылды ескертулерді қадағалаңыз, ол үшін «Дармен» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Қар көшкіні қаупі бар жерлердегі автожолдарда бивактар, аялдамалар ұйымдастыруға болмайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі