Құтқарушылар бүкіләлемдік АҚ күні шеңберінде балабақшада ойын-сабақ өткізді

Құтқарушылар бүкіләлемдік АҚ күні шеңберінде балабақшада  ойын-сабақ өткізді

Құтқарушылар бүкіләлемдік АҚ күні шеңберінде балабақшада

ойын-сабақ өткізді

 

 

2023 жылғы 28 ақпанда «Алтын Дән» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшада өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бағытталған түрлі костюм киген ойын-сабағы өтті.

Іс-шара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күні аясында өтті. Балалар мерекесіне ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері мен «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары қатысты. Тәрбиешілер ұжымы мен балалар ызықты эстафета дайындап, өткізді. "101" және "Қыран" командалары өрт дайындығының барлық кезеңдерінен өтті. Ойын басталар алдында капитандар өз командаларын бірге таныстырды. Эстафета барысында балалар уақытқа "жауынгерлік киім" киіп, "кедергілер жолағын" еңсеріп, "медициналық көмек" көрсетті, өрт сөндіру машинасын "басқарды". 

Балабақша қызметкерлері дайындаған костюмдер мен декорациялар ойынды жарқын және эмоционалды етті. Балалар конкурстарға үлкен ықыласпен қатысып, жоғары нәтиже көрсетуге тырысты.

Қиын күрес барысында 1 орынды "Қыран" командасы, екінші орынды "101"балалары иеленді.

Қазылар алқасында болған ТЖД және "Жас құтқарушы" орталығының өкілдері балалардың өнерін жоғары бағалап, қатысушыларға грамоталар мен медальдар, естелік сыйлықтар табыс етті.   Сондай-ақ, ТЖ департаменті басшылығының атынан алғыс хаттармен балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілері марапатталды.  

 

ШҚО ТЖД