
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту аясында, ақпан айының соңғы күні СҚО ТЖ Департаментінің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық мекемелерінің қызметкерлері ашық аспан астында әсерлі мереке өткізді. Облыс орталығының «Достық» алаңында таңертең Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Жедел-құтқару жасағы» ММ және «СҚО бойынша апаттар медицинасы орталығы» ММФ өрт сөндіру және арнайы техникасы қатар-қатар тізіліп сап құрды. Петропавлдың өрт сөндірушілері келген қонақтарға сергітетін және сырлы әуендермен жауынгерлердің күнделікті жұмыстары және батыл әрекеттері, өрт сөндіру техникасының және жабдықтарының мүмкіншіліктері, облыстағы өрт сөндіру ісінің тарихы туралы айтып берді және маңызы зор мамандық туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Балаларға әсіресе мыналар қызық болды: ниет білдіргендердің әр қайсысы жауынгерлік киімдерді киіп көрді, «нағыз» өрт сөндіретін машинаның ішінде отырып көрді, тіпті, шуақжай аспанға автокөтергішпен де көтеріліп көрді. Оқушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қойылған құрал жабдықтарына, ТЖ мен өрттерді жою кезіндегі офицерлер мен қатардағы жауынгерлердің әрекеттері туралы әңгімелерге шынайы қызығушылық танытты. Болашақ түлектермен ҚР ТЖМ азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар түсінікті және қызықты түрде қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелері, өрт туындаған кезде жасалатын әрекеттер туралы ақпарат берілді.
Бұл күні көргендерін жас қалалықтар көпке дейін ұмыта алмайтын болды. Бәлкім олардың ішінде болашақ өртсөндіруші немесе құтқарушы болатындары да бар шығар. Бұл адамдарға нағыз керек ауыр және құрметті мамандық болар еді.
СҚО ТЖ Департаменті