Ұлытау облысында су тасқының әуеден барлау жұмыстары жүргізілді

Ұлытау облысында су тасқының әуеден барлау жұмыстары жүргізілді

2023 жылы ақпанның 27 күні Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы және облыстық басқарма басшылары  Жаңаарқа және Қаражал өңіріндегі су тасқыны қауіпі бар жерлерін әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

Жезқазған қаласы – Шалғия тоғаны – Қаражал қаласы маршруты бойынша әуеден барлау барысында Қаражал қаласында аялдап, Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті, сонымен қатар жергілікті әкімдікпен кеңес өткізді. Онда қазіргі жағдайды сөз етіп, алдағы қажетті су тасқының алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.  

Есен Әлмұханбетұлы Қаражал қаласында орналасқан №3 Өрт сөндіру бөліміндегі техникалар мен құрал жабдықтарды қарап, су тасқынына дайындықты тексеріп шықты. 

Жаңаарқа ауданындағы Манақ тоғаны жолдарының жағдайын тексеріп, су тасқынының алдын алу шараларын қабылдауға ұсыныс айтты.

Іс-шара соныңда қала мен аудан әкімдеріне, облыс басқарма басшыларына су тасқынын болдырмау мақсатында тапсырмалар берілді.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі