2-3 наурызда елімізде «2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қарағандыда орналасады. Оқу-жаттығудың жетекшісі – ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков.
Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде іс-шаралар кешені өткізіледі: тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар және авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар, эвакуациялық іс-шаралар, хабарландыру жүйесін тексеру, халықты уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын тексеру және т. б. Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2023 жылғы 2 наурызда ақпанда, сағат 10.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Аккредитация мәселелері бойынша
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне
мына телефондар арқылы
558887, 87013896265 хабарласыңыз