ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың қорытындысы шығарылды

ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың қорытындысы шығарылды

Үш күнге созылған Қазақстан Республикасы ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХХІ, әйелдер арасындағы ІХ, жасөспірімдер арасындағы VIII қысқы чемпионаттың қорытындысы шығарылды. Чемпионаттың соңғы күнінде оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу және кедергілері бар 100 метр жолақты жүгіріп өту сайыстары бойынша көпсайыста үздік нәтиже көрсеткендер былайша жайғасты:

Ерлер арасында:

1 орын - Снегирев Дмитрий Астана қаласы;

2 орын - Подгородецский Петр Астана қаласы;

3 орын- Черносвитов Максим Шығыс Қазақстан облысы.

Әйелдер арасында:

1 орын - Дзолба Оксана Алматы қаласы;

2 орын- Тұрсын Айдана Түркістан облысы;

3 орын- Сыромяжко Юлия Астана қаласы.

Барлық ерлер, әйелдер және жасөспірімдер спортшылары жақсы жылдамдық пен өнер көрсетті. Командалар бойынша алғашқы үздік үштіктің нәтижесі былайша жайғасты:

Ерлер арасында:

1 орын - Астана қаласы ТЖД;

2 орын - Атырау облысы ТЖД;

3 орын - Шығыс Қазақстан облысының ТЖД.

Әйелдер арасында:

1 орын - Астана қаласы ТЖД;

2 орын - Алматы қаласы ТЖД;

3 орын - Түркістан облысы ТЖД.

Жасөспірімдер: арасында:

1 орын - Шығыс Қазақстан облысының командасы;

2 орын - Батыс Қазақстан облысының командасы;

3 орын - Ақтөбе облысы командасы.

Сонымен қатар, чемпионат барысында Қазақстан рекорды жаңартылды, оны шабуыл сатысымен көтерілу бойынша 7.26 секунд уақытта Анастасия Хорошева және 100 метр кедергілері бар жолақты жүгіріп өту бойынша 16.42 секундта Юлия Сыромяжко рекорд орнатты.

Чемпионат жүлдегерлері бағалы әр түрлі деңгейдегі медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі