Алматы облысында шопандарды іздестіру жұмысы сәтті аяқталды

Алматы облысында шопандарды іздестіру жұмысы сәтті аяқталды

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 00.21-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Жібек жолы ауылындағы Қорқұдық станциясында 1975 және 1980 жылы туған екі ер адам мал жайып жүргенде, суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, үйге қайтар кезде осы канал арқылы өз бетінше өтіп кете алмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын Алматы қаласы Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері жүргізді.

Сағат 03.40-та Алматы қаласы Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтады. Адамдар мен 50 бас қой қайықтың көмегімен басқа жағалаудағы қауіпсіз жерге жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

 Алматы облысының ТЖД азаматтарға су тасқыны кезеңінде сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

                                                  

                                                  

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі