
2023 жылғы 23 ақпан күні сағат 22.41-де Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданы Қаншеңгел мен Айдарлы ауылдарының арасында қой айдау кезінде 1968 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу құтқарушылар жіберілді.
2023 жылғы 24 ақпанда сағат 08.20-да азамат Ашысу ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым жерден табылды. Медициналық көмек қажет емес еді.
Іздестіруге ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және екі туысы жұмылдырылды.
Шопанның туыстары құтқарушыларға оны іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі