Түркияда жұмыс іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Түркияда жұмыс іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Наурыз Мерекеұлы Қаппасов – құтқару бөлімшесінің басшысы.

Наурыз Қаппасов ТЖМ қатарында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметінің жедел–құтқару жасағының Көкшетау қаласының құтқару бөлімшесінің құтқарушысы болып табылады.

Қызмет еткен жылдары ТЖ салдарын жою бойынша, су айдындары мен таулы жерлерде авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару операцияларына бірнеше рет қатысты.  2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде Қоянды су қоймасында апатқа ұшыраған жәбірленуші құтқарылды. 2020 жылы «Көкшетау – Астана» республикалық мақсаттағы автожолында адамдарды қар тұтқындарынан эвакуациялау бойынша құтқару операциясына қатысып, 380-ден астам адамды, оның ішінде 28 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Ведомстволық наградамен марапатталған.

Ильясов Азамат Абайұлы-кинологиялық бөлімшенің бас құтқарушысы.

Азамат Ілиясов ТЖМ қатарында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет еткен жылдары көктемгі су тасқыны кезеңіндегі және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару операцияларына бірнеше рет қатысты.

2019 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің құтқарушысы болып табылады.

Азамат Ілиясов жедел құтқару жасағының кинологиялық есебінің құрамында 2022 жылы ТЖ-да зардап шеккендерді іздеу бойынша бірқатар оқиғаларға баруды жүзеге асырды. Түркия Республикасының Газиантеп қаласында өзінің адал досы - қызметтік иті Аксельмен болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Ведомстволық наградамен марапатталған.

Асылбеков Мұрат Сапарғалиұлы-құтқару бөлімшесінің құтқарушысы.

Мұрат Асылбеков ТЖМ қатарында 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет еткен жылдары ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару операцияларына бірнеше рет қатысты.

1994 жылы Щучье мұнай базасында ірі өртті сөндіруге және 2006 жылы – «Бурабай» МҰТП Көкшетау тауында теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте ірі орман өртін сөндіруге қатысты. 2019 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел – құтқару жасағының Көкшетау қаласының құтқару бөлімшесінің құтқарушысы болып табылады.

Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Ведомстволық наградамен марапатталған.

 

Ғиззат Әлішер Әділұлы-Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі.

Әлішер Әділұлы азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бірнеше рет өртті сөндіруге және әртүрлі дәрежедегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында ірі орман өртін сөндіруге қатысты. Мәселен, 2023 жылғы 17 Қаңтарда 04 сағат 07 минутта Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Өркен ауылы Школьная көшесі, 15а үй мекенжайында өрт шыққандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін мешіттің жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру барысында өртті сөндіруге күштер мен құралдарды уақтылы енгізу қамтамасыз етілді. Әлішердің сауатты және шебер шешімдерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылып, оның көрші үй-жайларға таралуына жол бермеді.

Газиантеп қаласында тұрғын үйлер мен ғимараттардың үйінділерінен адамдар мен денелерді блоктан шығару, сондай-ақ құтқару гидравликалық құралдары мен жабдықтары арқылы үйінділерді тазарту бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.

Ержүлмесов Нұрқуат Серкешұлы-құтқару бөлімшесінің құтқарушысы.

2019 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары Қызметінің Жедел–құтқару жасағының Зеренді ауылының құтқару бөлімшесінің құтқарушысы болып табылады.

Қызмет еткен жылдары көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ зардаптарын жою жөніндегі авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару операцияларына және облыстың су айдындарында бірнеше рет қатысты.

Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Дамир Қайыргелдіұлы Жұмабаев - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі.

Дамир Жұмабаев еңбек жолын 2018 жылы бастаған. Бірнеше рет өртті сөндіруге және әртүрлі дәрежедегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты. 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында ірі орман өртін сөндіруде. 2021 жылы Зеренді ауданы Айдабул, Алексеевка, ортақ ауылдарында орман өрттерін сөндіруге белсенді қатысты.  Түркия Республикасының Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

 

ТЖМ баспасөз қы