
2023 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерін шақыра отырып, кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында оқу сабағы өткізілді.
Сабақ шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға инновацияларды, озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жеткізді.
Бұдан басқа, Ж. Жылқышиеваға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен табыстарына қатысты түзетулер, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғауды қалыптастыру, сыйлықтарға, материалдық сыйақыларға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар және мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне берушінің пайдасына іс-әрекет жасағаны үшін қызметтер көрсету түсіндірілді.
Өз кезегінде, өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы С.Дүйсембеков құқық қорғау, арнайы, әскери және азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада өзара іс-қимыл шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жасайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылатыны атап өтілді.
Қорытындылай келе, агенттік өкілдері барлық сұрақтарға түсініктеме берді.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті