Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары мегаполис құтқарушыларының табиғи апаттар мен өртке қарсы дайындығымен танысу мақсатында Алматыға келді. Сапар барысында депутаттар Ғалиаскар Сарыбаев, Сергей Ершов және Жанна Асанова Төтенше жағдайлар департаменті мен Сейсмология институтына барды.
Кездесудің бірінші күні Алматы қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқармасының ахуалдық залында енгізілген бірқатар инновациялық Цифрлық жобаларымен танысты. Депутаттарға онлайн режимде сел қаупінің бақылайтын автоматтандырылған жүйе туралы айтылды. Инновациялық жобалар тізімінде 1 100-ден астам камера арқылы халықтың жаппай жиналатын орындарды, сондай-ақ өрттерді анықтайтын бейнемониторингі бар.
«Бейнекамераларды онлайн бақылау кезінде жедел кезекшілерге төтенше жағдайды жою уақытын қысқартатын және материалдық шығынын барынша азайтатын шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деп Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Әлібеков хабарлады
Бірінші басшының міндетін атқарушы сенаторларға өткен жылы «101», «112» желілерінде тұрғындардан 1,2 млн қоңырау түскенін хабарлады. Әрбір қоңырау бойынша нақты ден қою шаралары қабылданды, «101» күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының кезекшінің автоматтандырылған жұмыс орнының қабілеттілігі көрсетілді, бұл жүйе өрт сөндіру бөлімшелерін жедел шақыртуларға жіберу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Депутаттардың назарына ТЖ қаупі төнген немесе туындаған кезде қала аумағын 100% қамти отырып, 843 сиреналық-дауыс зорайтқыш қондырғылары тұрақты дайындықта тұрғаны жеткізілді. Сонымен қатар, сиреналардың барлық жүйесін, сондай ақ төтенше жағдай туындаңан жеке орнында да іске қосуға болады.
Көрсетілген ноу-хау тізімінде оқиға орнына өрт сөндіру есептерінің жұмылдырылған жерін бақылау мүмкіндігі және Сайран көлінде орнатылған "интеллектуалдық камералар" пилоттық жобасы бар. ТЖД қызметкерлері онлайн режимде демалушылардың белгіленбеген жерге жүзуіне жол бермей, суда болып жатқанның оқиғаларың бақылай алады. Бұл камералар «Сайран» суда құтқару бекетінде орнатылған және сирена дауыс зорайтқыш қондырғысымен бірге жұмыс істейді. Егер адам белгіленген жағалау сызығынан асып кетсе, автоматты түрде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға дабыл дыбысы іске қосылады.
Сонымен қатар, депутаттар қалалық смартбордтарымен біріктірілген транкингтік радиобайланыс жүйесіне оң пікір берілді. Айта кету керек, бұл гаджеттер жол қозғалысына қатысушыларға радиостанцияларда орнатылған GPS модульдері арқылы өрт сөндіру техниканың жақындағаны туралы хабарлайды.
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы өрт ошағын анықтау үшін тепловизоры орнатылған ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану туралы хабардар етті. Аталған құрылғыны прожектор ретінде пайдалануға және жолы салынбаған жерлерде қолдануға болады, іздеу-құтқару жұмыстары кезінде 3,5 килограмға дейін, ұшу қашықтығы 8 км-ге дейін жүкті жеткізу (дәрі қобдишасы, азық-түлік) мүмкіндігі бар.
Сапардың бірінші күні соңында халық қалаулылары Алматы құтқарушылар гарнизоны бүгінгі таңда цифрлық дамудың алдыңғы қатарында екенін атап өтті.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі