Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Адамбаев Александр Олегович - бас құтқарушы.

2018 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Қарағанды қаласының жедел-құтқару қызметінің құтқарушысы болып бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің құтқарушысы болып табылады.

Қызмет барысында түрлі ТЖ жоюға қатысып, адамдардың өмірін құтқару бойынша күрделі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.2022 жылы Теміртау қаласында және Қарағанды қаласында газ жарылғаннан кейін үйінділерді талдауға қатысты. Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Бобжонов Бозмамад Жоликұлы - бас құтқарушы.

Николай Анатольевич өзінің еңбек жолын 2015 жылы ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағынан бастады.

Жұмыс істеген жылдары әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Боқаев Досымжан Бақытжанұлы-ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Қызметінің жедел-құтқару жасағының Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы-құтқарушысы.

ТЖМ қатарында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдары әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. 2017 жылы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында су тасқыны жағдайын жоюға белсенді қатысты. Балқаш көлінің су айдынындағы іздестіру-құтқару жұмыстарында, Алматы облысы, Қызылағаш кентінде күрделі метеорологиялық жағдайларда жұмыстар жүргізілген су қоймасының бұзылу салдарын жоюда. Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Гладченко Николай Николаевич - бас құтқарушы.

Николай Николаевич өзінің еңбек жолын 2009 жылы ТЖМ қатарында бастады. 2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болып жұмыс істейді. Түрлі ТЖ жоюға қатысып, адамдардың өмірін құтқару үшін күрделі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Жакеев Нұрғали Юсуповия - бас құтқарушы.

Еңбек жолын 2015 жылы Қарағанды қаласының су-құтқару қызметінің сүңгуірі болып бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болып жұмыс істейді. 

Жұмыс кезеңінде әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Өз әріптестерімен Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Жаналинов Болат Ермекұлы - бас құтқарушы.

2013 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болып жұмыс істейді, 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында эвакуациялық жұмыстарды жүргізуге және су тасқыны жағдайын жоюға белсенді қатысты. Әріптестерімен бірге Нұрдағыдағы қираған нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

 

          ҚР ТЖМ баспасөз қызметі