Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионат басталды

Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық чемпионат басталды

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХХІ, әйелдер арасындағы ІХ,  жасөспірімдер арасындағы VIII қысқы чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Чемпионат 2023 жылғы 22-24 ақпан аралығында өтеді.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков, Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов, елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев және «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ директоры Дәурен Данаев, азаматтық қорғау ардагерлері мен чемпионат қатысушылары қатысты. Жалпы чемпионатта 216 қатысушыдан тұратын 21 ерлер командасы, 91 спортшыдан құралған 14 әйелдер құрамасы және 120 спортшыдан құралған 15 команда бақ сынайтын болады.

Үш күн ішінде ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамаларының спортшылары шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші және төртінші қабатына көтерілуден және кедергілері бар 100 метрлік жолақты жүгіріп өтуден жарысқа түсетін болады. 

Осындай дәрежедегі жарыстар жеке қайталанбас, тамаша, қызығушылығын көрсетеді және өрт сөндіру-құтқарушылардың мамандығын беделін арттыруға, кәсіби және спорттық шеберлігін арттыруды көздейді.

 

              Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі