Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы – ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиал басшысы- дәрігер.
Апаттар медицинасы орталығында 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысты. 2022 жылы медициналық көмек көрсету мақсатында «Қазспас-2022» құтқару бөлімшелерінің республикалық жиын-семинарына қатысты.
Бүгін Түркиядағы ТЖМ контингентінің құрамында медициналық әріптестерімен бірге құтқарушылардың денсаулық жағдайын бақылап, жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті.
Ибраев Қуат Құдушұлы-Астана қаласы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері.
Апаттар медицинасы орталығында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Филиалдың шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері ретінде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды кентінде, Софиевка кентінде және Ақмол ауылында су тасқыны салдарын жою бойынша құтқару іс-шаралары кезінде медициналық қамтамасыз етуге қатысты. 2016 жылы Қарағанды облысында құтқару-іздестіру жұмыстарына, 2017 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңажол және Бірлік ауылдарына су тасқыны салдарын жою бойынша құтқару іс-шараларына қатысты. Елордада өткен саяси және мәдени деңгейдегі көптеген бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді бірнеше рет жүзеге асырды. «Қазспас», «Жер», «Көктем» және басқа да командалық-штабтық және тактикалық-арнайы жаттығуларға қатысты.
Забиров Азамат Жұматайұлы- Алматы қаласы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының операциялық–таңу бөлімшесінің басшысы, дәрігер.
2021 жылдан бастап Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді. Медициналық көмек көрсету мақсатында «Қазспас-2022» құтқару бөлімшелерінің республикалық жиын-семинарына қатысты.
Азамат Жұматайұлы әріптестерімен бірге құтқарушылардың денсаулық жағдайын бақылап, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.
Имамбаев Нұрлан Ислямұлы - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері.
2021 жылдан бастап Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді. Дәрігер болып жұмыс істей жүріп төтенше жағдайларды медициналық қамтамасыз етуге барып, командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, терроризмге қарсы, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысып, ұйымдарда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дәрістер оқыды.
Сопакова Айнакүл Қалыққызы- ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының Алматы қаласы бойынша операциялық-таңу бөлімшесінің медбикесі
Филиалда 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыста ол өзінің жоғары кәсібилігін көрсетеді. Халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімді насихаттауға үнемі қатысады. Бірнеше рет құтқару құралымдарын медициналық қамтамасыз етуге, ТЖ зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсетуге, ҚР ТЖМ оқу-жаттығу іс-шараларына қатысты. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызыл-Әскер ауылында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жоюға қатысты. 2010 жылы жиынтық медициналық жасақ құрамында Қызылорда облысын су басу кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі