Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Кәмерденов Жанат Болатұлы – бас құтқарушы.

ТЖМ қатарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ол оннан астам адамның өмірін құтқарды. 

Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Кендібаев Руслан Серікұлы - бас құтқарушы.

2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Киімбаев Айдын Темірбекұлы-құтқарушы.

2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында құтқару бөлімшесі жұмыс істейді.

Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Нұғманов Әлібек Алдабергенұлы - бас құтқарушы.

2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Нұрғалиев Ұлан Қайратұлы - бас құтқарушы.

2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Төлегенов Кенжеболат Жамсанұлы - бас құтқарушы.

2015 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Танлашев Талғат Алпысұлы - бас құтқарушы-кинолог.

Еңбек жолын 2005 жылы Республикалық құтқару жасағында құтқарушы болып бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінде құтқарушы болып жұмыс істейді.

Қызмет барысында су айдындарында және таулы жерлерде түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі