
Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы - ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары. ТЖМ қатарында 2010 жылдан бері жұмыс істейді.
Айтпаев Ардақ І сыныпты сүңгуір-құтқарушы болып табылады. Алматы облысында өткен «Қазқұтқару» жарысына қатысты.
Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан. 2022 жылы Петропавл қаласында орын алған ЖЭО апатын жоюға қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында Астана қаласы мен Қарағанды облысының құтқарушылар тобын басқарды. Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Жұмабаев Азамат Санатұлы - бас құтқарушы.
2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді.
Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Бердіқұлов Азамат Аманқосұлы - бас құтқарушы.
Жедел-құтқару жасағында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Министрліктің мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларына қатысады.
Амангелдинов Ислямбек Бауыржанұлы-құтқару жасағының басшысы.
ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында 2014 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.
Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Қабдушев Жасұлан Қадырманұлы - бас құтқарушы.
ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында 2015 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.
Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Қабылтаев Ерден Болатұлы - бас құтқарушы.
2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.
Ведомстволық наградалармен марапатталған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі