
ШҚО ТЖД-де Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне 34 жыл толуына орай, соғысқа қатысқандарға құрмет көрсетілді. ШҚО ТЖ қызметінде өңірдегі қауіпсіздік ісінде екі жауынгер-интернационалист еңбек етуде. Тимур Чанышев пен Анатолий Куропаткин Ауған жеріндегі шайқастарға қатысты. Әскери антты сақтай отырып, олар өз өмірі мен денсаулығын қауіпке тікті. Ал бүгінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жұмысын жалғастыруда. Жедел кезекші болып жұмыс істей отырып, олар мыңға дейін қоңырау қабылдады. Осылайша, халық пен құтқарушылар арасындағы байланыс орнатып пысықтады. Қазір Анатолий Куропаткин ШҚО ТЖД Төтенше жағдайдлардың алдын алу басқармасында бас маман, ал Тимур Чанышев ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді. Олардың ТЖ қатарындағы қызметі өте маңызды, өз ісінің мамандары әлі де алдыңғы қатарда.
Тимур Чанышев пен Анатолий Куропаткин «Интернационалист-жауынгер», «Қарулы күштерге 70 жыл», «Ауған халқының алғысы» медальдарымен марапатталған. Бұл күні олар қаза болған жолдастарын және сол қиын кезеңдерді еске алады.
Еске алу кездесуіне ТЖ қызметінің зейнеткері Амангелді Құрымбаев та қатысты. Ол 18 жасар бозбала кезінде соғысқа кетіп, Кабулға барды. «1981 жылдың желтоқсанында мен кетіп бара жатқанда біздің Шығыс Қазақстанда аяз болғаны есімде, ал барған жағымда 50 градусқа дейін ыстық болды. Соғыста өте қорқынышты болды, бірінші күні олар қарша боратқан оқтың астында қалдық. Қиын да ауыр 2 жыл бойы №52011 бөлімде жүргізуші болдым. Құрылыс материалдарын, оқ-дәрілерді, азық-түлікті тасымалдадым, нарядтарға бардым, жол тосқауылдарында кезекшілік еттім. Соғыс жылдарына қарамастан, Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан көптеген жолдастар таптым. Кейін Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөліміне алдымен жауынгер, кейін жүргізуші болып жұмысқа келдім. 2015 жылы зейнеткерлікке шықтым, көптеген ірі өрттерді сөндіруге қатыстым, өйткені біздің бөліміміз қаладағы ең көп шығатын бөлімнің бірі болды. Қоймаларды, ЖЭО-дағы өртті сөндірдім, сондай-ақ орман өртіне қарсы күреске қатыстым».
Іс-шара Шығыс Қазақстанның облыс орталығында орналасқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – бұл азаматтардың тыныштығы үшін өз өмірін арнаған, әскери және азаматтық борышын адал әрі батыл орындап, үйге оралғандардың барлығына алғыс білдіру.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі