
Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылар тобы екінші эшелон құрамында басқа өңірлерден келген әріптестерімен бірге жер сілкіністерінің салдарын жоюға көмектесу үшін Түркия аумағына жол тартты.
Қарағанды командасының құрамында 15 адам-ТЖД құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігері мен фельдшері.
Команда автономды жұмысты ескере отырып, авариялық-құтқару құралымен, медициналық мүлікпен, байланыс және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жасақталған.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов құтқарушыларды жолға шығарып, өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаруға шақырды.
Пресс-служба ДЧС Карагандинской области