
БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мүсиев 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық тақырыбында айтты.
Облыс аумағында елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында жол картасы және инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде іс-шаралар кешені өткізілуде. Облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды, атап айтқанда 20,285 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды, ұзындығы 374 м бөгетке күрделі жөндеу жүргізілді, 13,085 км су бұру каналдары салынды, көше жолдарында 16 су өткізгіш құбыр орнатылды, су буландырғыш орнатылды, су қоймасы арнасының түбі тереңдетілген, автожолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілді, су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жоспардан тыс қосымша 9 елді мекенде қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту жұмыстары жүргізілді.
3 мыңнан аса адам, 700-ге жуық техниканы, 70-ке жуық жүзу құралдары және 265 мотопомпаны құрайтын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының алдын ала гидроболжамына сәйкес, Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 33 – 96%-ға төмен.
Жер тоңының күзгі ылғалдану көрсеткіші орташа көпжылдық мәндерден 33 – 104%-ға жоғары (Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендері).
Сондай-ақ, алдын ала гидроболжамға сәйкес, облыс су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді.
Жалпы облыста бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі