
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Үкіметі аппаратының басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев, Шиелі және Жаңақорған аудандарының әкімдері, су шаруашылығы мекемелері басшылары бірге Сырдария өзенінің қазіргі жағдайына тікұшақты пайдалана отырып, мониторниг жұмысын жүргізді.
Атап айтқанда Шиелі ауданындағы Күміскеткен учаскесі және Жаңақорған ауданындағы Тайпақкөл, кенттегі автокөпір аумағы мен Қожакент ауылының тұсындағы өзеннің жағдайы жоғарыдан бақыланды. Облыс аумағындағы 29 қауіпті елді мекеннің жағдайын тұрақты қадағалау үшін тиісті мекемелер бекітілген. Облыс аумағында Сырдария өзенінің жағдайы бірқалыпты, күнделікті бақылануда.
Қызылорда облысы ТЖД