ТЖД бастығы СҚО аудандарында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты

ТЖД бастығы СҚО аудандарында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты

Су тасқынына қарсы іс - шараларды алдын ала жүргізу - алдағы су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу кепілі. Облыс аумағында осы бағыттағы жұмыс көктем басталғанға дейін ұйымдастырылады және СҚО ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болады. Алдағы 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Камалов барып қайтты.

Сапар барысында аудан әкімімен, аудан прокурорымен және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізілді, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуінің өзекті мәселелері талқыланды.

Рамиль Камалов 2021-2022 жылдары аудан аумағында ТЖ және тұрғын үйлерді су басуға жол берілмегенін, адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жүргізілмегенін,  зардап шеккендер болмағанын атап өтті. Алайда, ол метереологиялық болжамдарды ескере отырып, үнемі дайын болу керек екенін атап өтті.

«Жыл сайын су тасқыны әсеріне ұшырайтын ауданның 5 елді мекеніне-Сергеевка қаласының аудан орталығына, Городецкий, Мерген, Ақанбарақ және Новопокровка селоларына ерекше назар аудару қажет. Жалпы су басу қаупі бар аймақта шамамен 114 тұрғын үй бар, онда  322 адам тұрады», - деп Шал ақын ауданына барған сапарында департамент бастығы атап өтті.

Ол аудан аумағындағы жергілікті атқарушы органдардың, қызметтер мен шаруашылық объектілерінің жазғы кезеңде, 2022 жылғы жазғы-күзгі кезеңде 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарын орындау барысында тұрғындарды  және көлік жолдарын осындай қауіпті табиғи зілзаладан қорғауға бағытталған жұмыстар циклі жүргізілгеніне назар аударды.

Рамиль Камалов ауданның елді мекендеріне барып, 2022 жылы жоспарланған жұмыстардың толық көлемде жүргізілгеніне көз жеткізді. Атап айтқанда, ұзындығы 100 метр, Сергеев су торабының бақылау алаңына жақын, Новопокровка селосының жанындағы кіші Торанғұл көлінде ұзындығы 500 метр жаға бекіту жұмысы жүргізілді, диаметрі 1 метр 2 су өткізу құбыры, Ктна – 47 «Көктерек-Ибраево» жергілікті маңызы бар автожолдарында Сергеевка қаласынан 7 км және  Ибраево селосынан 2 км жақын жерде орнатылды.

Сонымен қатар, департамент бастығы Ақжар, Аққайын, Тайынша, Тимирязево, Есіл және Уәлиханов аудандарында болып, жергілікті атқарушы органдар жүргізген су тасқынына қарсы іс-шаралардың сапасын тексерді, елді мекендерді еріген және тасқын сулардың ықтимал су тасқынынан тиімді қорғау жөнінде ұсыныстар берді. 

«Біз көктемгі кезеңнің кез - келген сценарийіне дұрыс төтеп беруімізге және халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін дайын болуымыз керек», - деп департамент бастығы түсініктеме берді.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі