
Төтенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі азаматтық қорғау органдарының ардагері Евгений Владимирович Батовтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Азаматтық қорғау органдарының ардагері Евгений Владимирович Батов 2023 жылғы 3 ақпанда 69 жасында дүниеден озды.
Евгений Владимирович Батов 1954 жылғы 5 қазанда УКСР Запорожье облысындағы Мелитополь қаласында туған.
Өз еңбек жолын Қостанай қаласындағы әскери бөлімнің полкінде бастаған.
Әртүрлі жылдарда Қостанай қаласындағы әскери бөлімде штаб бастығы, Қостанай облысындағы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, ҚР ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.
Полковник Евгений Владимирович Батов сыйлы адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төсбелгілермен марапатталған.