2023 жылдың 30 қаңтарында "Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы" қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының бастапқы ардагерлер ұйымының есептік жиналысы өтті.
Жиналысқа Орталық Кеңес Президумының мүшелері мен Орталық аппарат ардагерлері қатысты. Бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы С. Б. Қалғанбаеваның 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасы тыңдалып, бекітілді. Сөз барысында Президиум мүшелері мен ардагерлер сөз сөйледі, ағымдағы мәселелер талқыланды және тиісті ұсыныстар енгізілді.
Жиналыс соңында барлық қойылған және талқыланатын сұрақтарға тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Алдағы уақытта ардагерлермен және зейнеткерлермен жұмыс жалғасады, атап айтқанда: ардагерлер мен зейнеткерлерді түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шараларға тарту; ардагерлермен және зейнеткерлермен кездесулер ұйымдастыру; ардагерлер мен зейнеткерлердің мүдделерін қорғау; әлеуметтік мәселелерді шешу.
Жиын соңында ардагерлер өрт-қолданбалы спорт спортшыларының Даңқ бөлмесіне барып, біздің министрлік спортшыларының спорттық жетістіктерімен танысып, шай кеші ұйымдастырылды.
«Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» ҚБ