2023 жылғы 1 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде көктемгі су басудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары қаралды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жанабаев «2023 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі» туралы баяндады.
«Қала және аудан әкімдіктерінің берген ақпараттарына сәйкес, су тасқынының ықтимал салдарын жою үшін 22,5 тонна жанар-жағармай, 485 тонна инертті материал (ПГС, топырақ және т. б.) және 29 мың 800 құм салынған қап, 17 дана шатыр, 5294 дана кереует, 3660 дана төсек-орын жабдығы дайындалды.
Су тасқыны жағдайының қауіптілігі туындағанда жалпы саны 1153 адам, 303 бірлік техника, 16 бірлік жүзу құралы және 107 бірлік мотопомпа облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру дайындыққа келтірілді.
Төтенше жағдай департаментінде топ құрылды, оның құрамына 272 адам, 48 бірлік техника және 1 тікұшақ (Ми-8), сондай-ақ 16 бірлік жүзу құралы, 22 бірлік мотопомпа, 8 бірлік аспалы мотор кірді», - деп Департамент бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Н. Жанабаев атап өтті.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Тұрлан Сүлейменов облыстағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы туралы баяндама жасап, Атырау облысында 31 гидротехникалық құрылыс тіркелгенін жеткізді.
Сондай-ақ, Қызылқоға, Махамбет, Жылыой аудандарының әкімдерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша тыңдалды.
Жұмысты одан әрі іске асыру үшін Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен және Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен түрде комиссия құрып, су тасқынына дайындық жағдайын тексеруге ұсыныс берілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев жауапты мекеме басшыларына бірқатар тапсырмаларды беріп, гидротехникалық құрылыстар мен қорғаныш бөгеттерінен қар суы мен тасқын суды өткізу жұмыстарын пысықтауды, қала және аудан әкімдіктерінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру үшін, құзыретті органдардан құралған комиссия құруды, төтенше жағдай орын алған кезде тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру маршруттарын жасақтауды тапсырды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы