Су тасқынына дайындық бойынша Қостанай коммуналдық қызметтері мен ТЖБ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті

Су тасқынына дайындық бойынша Қостанай коммуналдық қызметтері мен ТЖБ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті

Қостанайда 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер 170 мың текше метр қар шығарды.

Бұл ақпаратты ТЖБ бастығының орынбасары А. Махмутов мәлімдеді.

«Су тасқынына дайындық жұмыстары қажетті деңгейде жүргізіліп жатыр. «Қостанай-2» ауданындағы арықтардың арнасын 1-ден 4 метрге дейін, тереңдігін 1-ден 3-метрге дейін кеңейттік. Ең бастысы, қарды уақытылы шығарып отыру қажет, сонда қауіп сейіледі. Негізінен, су тасқыны жерасты суларының көтерілуінен болады. Қандай да бір оқыс оқиға бола қалған жағдайда, бұл аймаққа инженерлік техника бекітілген», – деді А. Махмутов.

«Жауын-шашын көп болды, коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір қыстың ортасы, көктемге дейін атқарылуы тиіс жұмыстар қыруар. Жағдайды күн сайын бақылауда ұстау керек», – деді қала әкімі М.Жундубаев.

ТЖБ өкілі төтенше жағдай туындаған кезеңде адамдарды эвакуациялауға автотранспорт пен эвакуациялық пункттер дайындалғанын айтты.

Қаланың "Береке", "Юбилейный" шағын аудандары мен Гагарин жол өткелі ауданының проблемалық учаскелерінің аумағында бүгінгі күні су бұру жүйелерін салу бойынша бірқатар жобалар іске асырылып жатқаны атап өтілді.

 

 

Қостанай облысының ТЖД
Қостанай қаласының ТЖ басқармасы