Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Алматы облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Су тасқынынын алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округіне визуалды шолу-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Визуалды шолу-тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында "Бәйменей" ағынының "Балқаш" көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алды. Нәтижесінде "Бәйменей" ағынынан бөлінетін Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін суару каналындағы су деңгейі көтерілгені анықталды, соның салдарынан Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі пайда болды. Аталған ауылдық округте  293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.

Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метрді құрайды. 

Суару каналына тексеру жүргізілді, жұмыс учаскелері анықталды, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның күштері сусымалы бөгет салу және суару каналын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Осы жұмыстарға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, мердігер ұйымның 39 қызметкері мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта су басу қаупі ішінара жойылды. 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі