
Қазіргі уақытта 2023 жылғы 31 қаңтарда басталған маты облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталды. Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту, түбін тереңдету, инертті материалдармен нығайту жұмыстары жүргізілді.
Осы іс-шара су басудың ықтимал қауіп-қатерін азайтуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта елді мекенді су басу қаупі жоқ. Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.
50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі