Қызылорда облысындағы су тасқынына қарсы шаралар

Қызылорда облысындағы су тасқынына қарсы шаралар

Қызылорда облысы аумағында су тасқыны қаупі кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары подполковник Б. Қ. Әбдіқадыров комиссия құрамында ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Б. Спанов, ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы Ж. Досымов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жұмылдыру және жедел жұмыстар орталығының маманы Қ. Әбдіров, Сырдария ауданы ТЖБ бастығы Н.Бақтияр, аудан әкімінің орынбасары Сырдария ауданы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Б.Сәрменбаев, Сырдария ауданы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы К. Қуандықов, "Сырдариясушар" РМК учаскесі бастығының орынбасары М. Айтмұханов Сырдария ауданы бойынша Сырдария өзенінің бойында шолу жұмысын жүзеге асырды, сондай-ақ аудандық инженерлік қызметтің, ТЖ туындаған жағдайда тартылатын аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдарының дайындығына тексеру жүргізілді.

Ауданның гидро-техникалық құрылыстарын, елді мекендері мен қорғаныс құрылыстарын тексеру барысында мыналар анықталды:

Сырдария ауданының ауданы 29,1 мың шаршы шақырымды құрайды, 13 елді мекеннің ішінде халық саны 39432 адам.

Сырдария ауданы бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 77 шақырымды құрайды, оның аудан орталығы Тереңөзек кенті (Ұзтоп, Майлықұм, Соркөл учаскелері), халық саны 11521 адам және Сырдария өзенінен 1,5 шақырым қашықтықта  2468 тұрғын үй орналасқан.

Аудан аумағында мынадай гидро-техникалық құрылыс бар:

"Әйтек" гидротехникалық торабы;

"Қараөзек" гидротехникалық құрылысы;

Сырдария өзенінен 2 магистральдық арна: "Әйтек"; "Жетікөл жарма".

Айта кету керек, қазіргі уақытта "Аласиыр" (иесіз) каналын қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда;

сондай-ақ 64 тоған бар, оның 33-інде су бар.

Сырдария өзенінің бойында аудан аумағында ұзындығы 96,9 шақырым қорғаныс бөгеттері орнатылған.

Сырдария өзені үстіне 2014 жылы  "Тереңөзек-Шаған" автомобиль көпірі салынды.

Аудан бойынша Сырдария өзенінде кептеліс жоқ, су өткізу қабілеті тұрақты. Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерін су басу қаупі жоқ (18.01.2023 ж. жағдай бойынша).

Жалпы, аудан бойынша өзеннің бүкіл бетін мұз жапқан (мұздың қалыңдығы 40-45 см). Ауа температурасы -4; -7 °С. Сырдария өзеніндегі судың орташа өткізу қабілеті ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша 345 текше метр секунд.

Ауданның күш-құралдарын, инертті материалдар қорын тексеру кезінде мыналар анықталды:

Сырдария ауданының әкімі қыс және су тасқыны қаупі бар кезеңдерде Сырдария өзенінің қауіпті учаскелерінде Авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін 14 ұйымның 96 адамы және 27 техникасы нақтыланған аудандық азаматтық қорғау құрылымдарын бекітті.

Аудан әкімдігі қысқы және су тасқыны қаупі бар кезеңдерге инертті материалдар қорын белгіледі. 2023 жылғы 18 қаңтардағы бақылау бойынша Сырдария ауданы көлеміндегі су тасқынының алдын алу ахуалы сын көтерерлік.  Сырдария өзеннің бетін мұз жапқанына қарамастан, мұз астындағы күшті ағысқа сәйкес су өткізу қабілеті тұрақты. 

 

Қызылорда облысы ТЖД 

Қоғаммен байланыс тобы