«Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды

«Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауынан  9 адам құтқарылды

2022 жылғы 22 қаңтарда сағат 19.50-де Жетісу облысы ТЖД-да Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар құрсауында адамдар бар автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, шақыру орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелері жіберілді.

23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де желдің екпіні 30 м/с-тан астам болған қар қырсауына қауіпті «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні сағат 18.00-де ауа-райының нашарлауына (боран, боран, көрінуді шектеу) байланысты жол қызметтерімен «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (84-тен 184 шақырымға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысты жабу туралы шешім қабылданды.

Қар құрсауына түскен автокөліктер жол жабылғанға дейін осы автожолға шығып кеткені анықталды.

Жетісу облысының ТЖД азаматтарды қолайсыз ауа-райы жағдайында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі берген SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды шақырады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі