
Қыс мезгілінде республиканың басым аумағында жауған мол қар көктемде тек судың жайылуымен ғана қауіп тудырмайды... Күн жылына бастаған кезде қауіп күтпеген жерде – өз үйіңіздің маңында кездесуі мүмкін.Күннің жылынуы үй шатырларындағы қардың жүруіне себеп болуы мүмкін, бұл өте қауіпті.
17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылында 1962 жылы туылған үй иесіне бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан қар түсіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Осыған байланысты ІІМ төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға шатырлардағы, сондай-ақ аула аумақтарындағы қарды уақытылы тазалауды ұсынады.
Абай болыңыздар және мұқият болыңыздар!
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі